Автокөлікті жөндеу слесарі

1201072
7687 қаралым

Сипаттама

Мото- және автокөлік құралдарының механик-слесарлары және жөндеушілері жолаушылар автомобильдерінің, жүк автомобильдерінің, мотоциклдердің және басқа да автокөлік құралдарының қозғалтқыштарын, тораптарын, механизмдерін және ілеспе жабдықтарын құрастырады, реттейді, баптайды, сынақтан өткізеді, техникалық қызмет көрсетеді және жөндейді.
Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− қозғалтқыштардың және олардың компоненттерінің ақауларын анықтау және диагностикасы;
− автокөлік құралдары және мотоциклдер қозғалтқыштарын орнату, қарау, сынақтан өткізу және қызмет көрсету;
− қозғалтқыш компоненттерін немесе бүтіндей қозғалтқыштарды ауыстыру;
− автокөлік құралдарының дефектісі бар детальдарын орнату, қарау, баптау, бөлшектеу, қалпына келтіру және ауыстыру;
− автокөлік құралдары моторларын және тежегіштерін орнату және баптау, сондай-ақ руль жүйесін немесе тағы басқа компоненттерін реттеу;
− автокөлік құралдары механотроникасын және компоненттерін орнату, реттеу, қызмет көрсету және ауыстыру;
− автокөлік құралдарының бірқалыпты жүруін және ластану дәрежесін реттейтін тәртіптерге сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында майды, жанар-жағармай материалдарын ауыстыруды және қозғалтқыштарды баптауды қоса алғанда, жоспарлы техникалық қызмет көрсету;
− жөндеуден кейін қозғалтқыштарды және олардың компоненттерін қайта құрастыру.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Белгісіз

~
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз

Қайда жұмыс істеуге болады

автосервис, сервисный центр

Бізді қалай таба аласыз

+77102762236
zhkts1955@mail.ru
г. Жезказган ул. Абай 148
https://zkts.mycollege.kz/