2021-2022 оқу жылының бірінші жарты жылдығының қорытындысы ретінде , Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының жетекшілігімен 0506000 «Шаштараз мамандығы және сәндік косметика » мамандығы бойынша 15 адамнан тұратын ПМ-19-1 тобы 0506012 «Шаштараз-модельер» дуальды оқыту элементтері бар эксперименттік тексеру емтихан тапсырды.
Дуальді оқыту – білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорындағы өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен, кәсіпорынның бірдей жауапкершілігімен студенттерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етумен біріктіретін оқыту,яғни нысаны , оқу орны және студент.
Бұл жүйе бір мезгілде екі салада – теориялық және практикалық бағытта маман даярлауды көздейді. Оқу уақытының 1/3 бөлігін колледжде базалық білім алады, ал 2/3 – біліктілікті өндірісте – оқу кәсіпорнында практикалық маңызды білім алады.
Негізгі мақсат – өндірісте еңбек етудің негізгі дағдыларын қалыптастырған білікті де құзыретті түлек дайындау, техникалық және мамандандырылған білім беру жүйесінде қосымша білім берудің қазақстандық моделін дамыту. Қарапайым тілмен айтқанда, алғашқы күннен бастап жұмысқа араласып, оны жоғары кәсіби деңгейде орындай алатын осындай маман дайындау. Сонымен қатар, дуальды оқыту Қазақстандағы жұмыс берушілерден белгілі бір дағдылар мен білімге ие мамандарға тапсырыс қалыптастыруды көздейді.https://www.instagram.com/tv/CXxLNUZoDO5/?utm_source=ig_web_copy_link
Новость
2021-2022 оқу жылының бірінші жарты жылдығының қорытындысы ретінде , Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының жетекшілігімен 0506000 «Шаштараз мамандығы және сәндік косметика » мамандығы бойынша 15 адамнан тұратын ПМ-19-1 тобы 0506012 «Шаштараз-модельер» дуальды оқыту элементтері бар эксперименттік тексеру емтихан тапсырды.
April 6, 2022
ЖКТиС