2021-2022 оқу жылында «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ-де «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Шаштараз өнері» мамандықтары бойынша дуалдық оқыту жүйесі қолға алынды.
Осы мақсатта әлеуметтік серіктестіктердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс –шараға Жезқазған және Сәтпаев қалаларынан келісім шартқа отырған кәсіпорын басшылары мен жауапты өкілдері қатысты. Айта кетсек, ЖК «Глушков» - Н.Е.Андаева, ЖК "Тихоновская М.А." - М.А.Тихоновская, ЖШС «Жезказган техосмотр» - М.К.Нургалиев, ЖК "Төленді" - М. М. Төленді, ЖШС «Жезказганское АТП» - А.Т.Мулаков, ЖК «Нурмагамбетова» - Б. А.Нурмагамбетова, сән салоны «L_studio» - Л.И.Коновалова, ЖК «Ходыкина» «Лаборатория моды и стиля» - Т.И.Ходыкина, ЖК «Шах» - Ш.О.Барбилова, сән салоны «Яна» - Я.Ю.Бережнова, сән салоны «INFINITI» - О.В.Бакалова.
Дуалдық оқыту жүйесін қолдану студенттердің білімге деген қызығушылығын оятып, болашақ мамандығына деген ықыласын, ынта-жігерін қалыптастырады, практика мен оқу дәрісінің үйлесім табу арқылы жетістікке жол ашады.
Жаңалық
Әлеуметтік серіктестіктердің қатысуымен дөңгелек үстел
2022 ж. 6 сәуір
ЖКТиС