“Жезқазған технология және сервис колледжі” КММ-нің ОІЖ басшының орынбасары Асыл Жетпісбайқызы және де “Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының” басшысы Раушан Оңқонысқызымен бірлесе отырып, «Бүкіров Сүтемген Тақабайұлы мұражайдың мұрасы» атты тақырыпта Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, музей ісінің майталманы, “Зерде” кітабы редакция алқасының мүшесі, қара шаңырақ Жезқазған өңірінің түлегі Сүтемген Тақабайұлы Бүкіровтың інісі Жезқазған сирек металл өндірісінің өркендеуіне үлес қосқан ғалым, «Қазақтың Кетбұғасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ІІ және III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, бірнеше мәрте Құрмет грамоталарымен марапатталған металлург, 14 патенттің, 57 ғылыми еңбектің авторы Төлеген Нұрмағанбетұлы Бүкіровпен кездесу өткізді.
Төлеген Нұрмағанбетұлы Бүкіровпен кездесу барысында ағасы Сүтемген Бүкіровтың еңбектері, отбасы, қоғамдағы орны мен ағасы мен бауырының арасындағы қарым-қатынастары, балалық шағында есте қалған қызықты оқиғалары жайлы сөз қозғалып, сұхбат жүргізілді.
Студенттердің шығармашылық деңгейін арттыру мақсатында аймақтық “Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының” ішкі көрнісіне, мұрағатта әлі күнге дейін өз маңызын жоймаған Сүтемген Тақабайұлы Бүкіровтың қазақтың ақын-жазушыларына, зиялы қауым өкілдеріне жазған хаттарымен танысып, “Жақсаның аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді”,- демекші осындай халқы үшін еңбек еткен тұлғалардың әлі күнге дейін әр жазған хаттарының өзі сақтаулы екендігіне көздерін жеткізді.
Студенттер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, мұражай өмірінің тыныс-тіршілігімен танысып, рухани азықтанып қайтты.
Жаңалық
«Бүкіров Сүтемген Тақабайұлы мұражайдың мұрасы»
2022 ж. 6 сәуір