Қарағанды облысы білім басқармасының кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу жоспарын жүзеге асыру мақсатында Жезқазған, Сәтбаев қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9,10,11 сынып оқушылары үшін №21 жалпы білім беретін мектебінде «Мамандықтар жәрмеңкесі» 2022 жылдың 30 наурызында өтетінін хабарлайды. Аталған жәрменкеде "Жезқазған технология және сервис колледжі" КММ оқытылатын 6 мамандық бойынша жәрменкеде таныстырылатын болады. Жәрменкеде "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" , "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу " ,"Тамақтандыруды ұйымдастыру", "Шаштараз өнері", "Теміржолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлерібойынша)" , "Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)" мамандықтары бойынша студенттердің жұмыстарымен танысуға болады.
Жәрмеңкеде оқушылар, ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып, оқуға түсу, оқу барысында студенттерге жасалатын жағдайлар туралы толық ақпарат алады.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ
9,10,11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ЖӘНЕ АТА-АНАЛАР!
АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ.
Жаңалық
Қарағанды облысы білім басқармасының кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу жоспарын жүзеге асыру мақсатында Жезқазған, Сәтбаев қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9,10,11 сынып оқушылары үшін №21 жалпы білім беретін мектебінде «Мамандықтар жәрмеңкесі» 2022 жылдың 30 наурызында өтетінін хабарлайды.
2022 ж. 6 сәуір